Жарияланған күні: 23.04.2024 18:03
Өзгертілген күні: 23.04.2024 18:05

     Бүгін, 2024 жылғы 23 сәуірде, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы Салық әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы Розиля Бердәулетованы  еңбек сіңірген демалысына шығарып салды.

     Комитет төрағасы Жандос Дүйсембиев лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін құрмет грамотасын, естелік сыйлықтар мен гүлдерді табыс етті!

     Құрметті Розиля Жақсыгелдіқызы! Сізді лайықты демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

     Бердәулетова Розиля Жақсыгелдіқызы 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде жұмыс істеді.

     Қызметін Павлодар қаласының Индустриалды ауданы бойынша салық инспекциясында бастады.

      Бас салық инспекторынан, басқарма басшысынан бастап Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.

      2012 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

      Розиля Жақсыгелдқызы - Комитеттің ең тәжірибелі, мейірімді, дана, жанашыр және жауапты қызметкерлерінің бірі!

      Кәсіпкерлік кодексті, 2017 жылғы Салық кодексін, ЕАЭО Кеден кодексін, алкоголь өнімін, мұнай өнімдерін, темекі өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарды, акцизделетін тауарлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін, инвестициялар туралы келісімдер бойынша Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының құрамына тікелей қатысты.

      Бұл маңызды оқиға туыстарының қуанышы, жақындары мен әріптестерінің тосын сыйларына толы керемет мереке болсын!

      Өміріңіз қызықты оғиғалар мен жаңалықтарға толы болсын! Әрбір бастамаңызға сәттілік тілейміз!